Дәстүрлі форматта оқытуды бастаймыз

02.03.2021

СҚО бойынша бас санитарлық дәрігер А.Жұматаевтың 2021 жылғы 09 ақпандағы № 3 қаулысына сәйкес өңірде коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу бойынша карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жүргізілуде. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы коронавирустық инфекция бойынша «жасыл» аймаққа кірді.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарында оқу процесін жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» бұйрығы негізінде (2020 жылғы 28 желтоқсандағы №548 өзгерістермен) 2021 жылғы 1 наурызынан бастап біздің колледжде барлық мамандықтағы 3-4 курс студенттерін оқытудың дәстүрлі форматында сабақтар басталды.

Колледжде санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, штаттық режимде қауіпсіз оқу үшін қажетті жағдайлар жасалған:

  • санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы студенттермен, педагогтармен, өндірістік оқыту шеберлерімен, басқа да қызметкерлермен, ата-аналармен (заңды өкілдермен) қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық өткізілді;

  • сабақтар әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, маска режимін ескере отырып, бекітілген аудиторияларда өткізіледі;

  • колледждің медицина қызметкері және топ жетекшілері оқу орнына кірген кезде білім алушылардың, сондай-ақ жұмысты штаттық режимде жүзеге асыратын педагогтер мен колледж қызметкерлерінің температурасын күн сайын өлшеп отырады;

  • бөлім меңгерушілері күн сайын студенттердің денсаулығына мониторинг және бақылау жүргізеді;

  • дене шынықтыру сабақтары таза ауада немесе спорт залдарын үнемі желдетумен ұйымдастырылады.

  • пайдаланылған маскаларды, қолғаптарды тастау үшін арнайы орындар ұйымдастырылды.

Жатақханада тұратын студенттер үшін коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу санитарлық-эпидемиологиялық шаралары жасалды. Асханада тамақтану жеке және қоғамдық гигиенаның барлық қажетті нормаларын сақтай отырып жүзеге асырылады.

Оқытушыларға – денсаулық, шыдамдылық, үздік нәтижелер, сәттілік, студенттерге оқуға деген ынта, талпыныс тілейміз!

Барлығына достық атмосфера, қызықты оқиғалар, керемет белгілер және үнемі жақсы болуға деген ұмтылыс.



Текст
Виртуальная приемная